10 ақп, 2025 сағат 16:54

«Менің атым Қожа» фильмінің жалғасын кім түсіргені белгілі болды


Фото: Qalan


Былтыр БАҚ беттерінде «Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы түсіріліп жатыр деген жаңалық тараған болатын. Осыған дейін көшелерде ілінген Сұлтан мен Қожа бейнелерін қалың жұрт жиі көріп жүр, деп хабарлайды Ult.kz.


Бәрімізге бұрыннан таныс бейнелердің ұқсастығы шынымен таңғалдырады.

 

«Менің атым Қожа» фильмінің жалғасын отандық Qalan компаниясы түсіргені белгілі болды. Жаңа фильм «Қожа: Жаңа саяхат» деп аталады. Фильмді наурыз айында барлық кинотеатрдан көруге болады.



 Фото: Qalan


Бердібек Соқпақбаевтың шығармасының желісімен түсірілген «Менің атым Қожа» фильмі бала кезден қайталап көретін сүйікті туындыға айналған. Дегенмен қазақ кино өнерінің классикасы деп есептелетін фильмнің жалғасы бұрынғы жетістікке жете ме, оны көрермен талқысына қалдырамыз.

 

Qalan компаниясы 2018 жылы негізі қаланған. Қазірде 800 мыңнан астам қолданушысы бар, жыл сайын қарыштап өсіп келе жатқан еліміздегі бірден бір Ed Tech компания. Компания бүгінде Араб түбегі, Әзірбайжан, Өзбекстан, Татарстан сынды алыс-жақын шет елдермен жұмыс істеп, жаңа бөлімдерін ашып жатыр.