18 там, 2016 сағат 09:13

Назарбаев: Бұл жеңіс барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады

Қазақстан Президенті Рио-де-Жанейродағы Олимпия ойындарындағы жеңісіне байланысты Данияр Елеусіновке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Д.Елеусіновті  бокстан жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

«Жылдар бойы тынымсыз төгілген тер мен зор қажыр-қайраттың және үлкен шеберліктің нәтижесінде дүниежүзілік спорт додасында қол жеткізілген бұл жеңіс барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады. Бұл жеңіс осы бәсекені тамашалаған мыңдаған жасөспірімнің спортпен айналыса бастауына, олардың шыныққан шымыр болып өсуіне және мақсатты өмір сүруіне жаңа серпін беретіні сөзсіз», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға зор денсаулық пен бақыт, жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі.

Ұлт порталы