15 қаң, 2024 сағат 10:47

Назарбаев мектептерінде оқу гранты қымбаттайды

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

«Ашық НҚА» порталында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеуге арналған ҚР Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына өзгеріс енгізуді көздейтін бұйрық жобасы жарияланды, деп хабарлайды Kazinform

«Гранттың мөлшерлері:

1) жатақханада тұруды есептемегенде, күнтізбелік жылға 2 349 191 (екі миллион үш жүз қырық тоғыз мың жүз тоқсан бір) теңге;

2) жатақханада тұруды есептегенде, күнтізбелік жылға 3 247 305 (үш миллион екі жүз қырық жеті мың үш жүз бес) теңгені құрайды», - делінген ұсынылып отыр бұйрық жобасында.

Ал қолданыстағы бұйрық жобасында жатақханада тұру ақысын есептемегендегі жылдық грант құны 2 150 208 теңге, жатақханада тұру бағасын қосқандағы жылдық грант құны 3 036 859 теңге болған.

Бұйрық жобасы 29 қаңтарға дейін қоғам талқылауында болады.