29 мау, 2022 сағат 16:15

Нұр-Сұлтанда Volga Dnepr Airalines ұшағына қойылған шектеу алып тасталды


Volga Dnepr Airalines әуекомпаниясының ұшағы Нұр-Сұлтан әуежайынан босатылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Әкімшілік іс қозғалды, кедендік ресімдеу жүргізілді, сондықтан ұшақ шығарылды және елорда әуежайынан ұшып кетті", - деді МКК өкілдері.

Еске салайық, 26 маусымда сағат 13.40-та елорданың "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында Үрімші - Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағытындағы РА-82074 ұшағы қонғаны айтылды. Ұшақ экипажы мен олардың өкілі кедендік құжаттарды, кедендік операцияларды жүргізу үшін мәліметті дер кезінде ұсынбаған. Сондықтан кеменің ұшуына шектеу қойылғаны айтылған болатын.