03 мам, 2022 сағат 14:39

Нұрлан Сабуровтың Қазақстандағы туры кейінге шегерілді


Танымал әзілкеш, стендап комик Нұрлан Сабуровтың Қазақстанға жоспарланған "Принциптер" туры белгісіз себеппен кейінге қалдырылды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстанға жоспарланған "Принциптер" туры 2022 жылдың қазан/қарашасына ауыстырылды. Бұрын сатып алынған билеттер концерттердің жаңа күндеріне жарамды болады. Тур туралы ақпарат пен анонс жақын арада сайтта жарияланады", - делінген хабарламада.

Нұрлан Сабуров Instagram парақшасында турдың "оған байланысты емес себептермен" ауыстырылғанын айтты.

"Принциптер" турының гастрольдік сапары 5 мамырда Ақтөбеде басталуы керек еді. Билет құны - 10 мың теңгеден 33 мың теңгеге дейін.