27 қар, 2023 сағат 09:58

Оралда басына кірпіш түскен әйел қайтыс болды


Оралда көше бойымен келе жатқан әйелдің басына кірпіш құлады. Ол оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ПД баспасөз қызметі мәліметінше, қайғылы оқиға 26 қарашада сағат 14:35 шамасында Назарбаев даңғылындағы № 236 үйдің жанында болған.

"Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау мақсатында Орал қаласы ПБ-ның жедел-тергеу тобы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс атқарып жатыр" - делінген хабарламада.