19 нау, 2022 сағат 14:06

Павел Дуров Бразилияда неге Telegram бұғатталғанын түсіндірді

Фото ©REUTERS

Павел Дуров Бразилияда неге Telegram бұғатталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Бразилия Федералды Жоғарғы сотының судьясы жұмада елде Telegram-ға тыйым салуды бұйырды. Себебі мессенджер билікпен ынтымақтастықтан бас тартқаны айтылды.

"Біздің және Бразилия Жоғарғы сотының корпоративтік мекенжайларымы арасында электрон хат алмасуда қателер туындаған сияқты. Осы түсінбеушіліктің нәтижесінде сот Telegram-ды бұғаттауға шешім шығарды", - деп жазды Дуров блогында.

"Команда атынан Бразилияның Жоғарғы сотынан кешірім сұраймын... Telegram-ды ондаған миллион бразилиялық отбасымен, достарымен және әріптестерімен қарым-қатынас жасау үшін қолданатындықтан, соттан біз Бразилияда өкіл тағайындап, жағдайды түзету үшін шешімді бірнеше күнге кейінге қалдыруды қарастыруды сұраймын", - деп қосты ол.

Қаңтарда Бразилияның жоғарғы сайлау сотының басшысы Telegram мессенджеріне қатысты шараларды талқылауға шақырған болатын. Соттың пікірінше, ол сайлау жүйесі туралы жалған ақпарат таратуға пайдаланылуы мүмкін.