23 қыр, 2022 сағат 14:50

Павлодарда белгісіз адам мектепте көзді ашытатын баллон шашып, оқушылар ауруханаға түсті


Павлодарда белгісіз адам мектепте көзді ашытатын баллон шашып, оқушылар ауруханаға түсті. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мәлім етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" @Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

"23 қыркүйек сағат 11:00 шамасында Ленин кенті Макаренко көшесі, 14 мекенжайындағы №33 орта мектепте белгісіз біреу 2-қабаттың дәлізіне бұрышты баллон шашқан", - деді басқарма басшысының орынбасары Тілекжан Галлямов.

Мектеп ғимаратынан 672 оқушы эвакуацияланып, 15 бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. 

Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі, алты полиция қызметкері және Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы жұмыс істеп жатыр.