14 қаң, 2025 сағат 17:26

Павлодарда пансионат қызметкерлері қарттарды үнемі ұрып-соғып, алаяқтық жасап келген


Фото:gov.kz

Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады, деп хабарлайды Ult.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бас прокуратураның мәліметінше, пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген.

"Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды", - делінген хабарламада.


ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.