26 қыр, 2022 сағат 09:24

Павлодарда жасөспірім 14-қабаттан секіріп кетті


Павлодарда жасөспірім бала 14-қабаттан құлап қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"25 қыркүйекте Павлодар полициясына 18:00 мен 19:00 аралығында Назарбаев даңғылы №50 үйдің 14-қабатынан 2007 жылы туған жасөспірім құлап кеткені туралы хабар түсті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажет сараптама жұмыстары белгіленді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.