24 қаз, 2023 сағат 14:49

Петропавлда пәтердегі өрттен үш жасар бала көз жұмды

Фото: СҚО ТЖД

Петропавлда көпқабатты үйдің біріндегі пәтерде болған өрт салдарынан өрт салдарынан үш жасар бала көз жұмды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, бүгін, 24 қазанда сағат 10:00-де 10 қабатты тұрғын үйдің 9-қабатында өрт шыққан.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің бригадасы "101" нөміріне қоңырау түскеннен кейін екі минуттан соң өрт орнына жеткен.

"Келген кезде пәтерде жиһаз бен үй заттары өртеніп жатты. Сөндіру барысында 10 адам эвакуацияланды. Сағат 10:14-те өрт сөндіру қызметі жалынды сөндірді - жеке құрамның 12 адамы және 4 техника.

Өрт салдарынан уланып қалған 2020 жылы туған бала жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Дәрігерлер баланың қайтыс болғанын анықтады", - делінген СҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Өрт себебі мен шығыны анықталып жатыр. Өрт аумағы - 25 шаршы метр.