18 мау, 2018 сағат 16:58

Пойыздардың соқтығысуы мүмкін емес - тексеру комиссиясы

Жамбыл облысында ҚР Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асабаев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевтың қатысуымен 17 маусымда Астана-Алматы пойызының апатқа ұшырауына қатысты брифинг өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, брифинг барысында журналистерге осы оқиғаға қатысты құрылған комиссияның жұмысы туралы айтылды.

Қазіргі уақытта комиссия жол учаскесі инфрақұрылымының техникалық жағдайын зерттеп, жылжымалы құрамның инструменталды өлшемдері жүргізіледі.

Бұдан бөлек, комиссия жолаушылар пойызына көршілес жолмен өтіп бара жатқан жүк құрамы бар пойыздың жүріп өтуін ұйымдастырды. Эксперимент екі пойыздың жолдармен өту кезінде бір бірімен қақтығысу мүмкіндігін жойды. Жүк пойызы мен жолаушылар пойызының қақтығысуы екіншісі жолдан шығып кеткеннен кейін болған.

Тергеуге қазақстандық және ресейлік мамандар тартылды.

Олар ғылыми-техникалық зерттеу мен пойыздың жағдайын модельдейді. Комиссия сарапшылардың жұмыс нәтижелерін апаттың себеп-салдарын анықтауда ескеретін болады.

Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта Комитет барлық теміржол учаскелеріндегі пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қатаң бақылауға алды.

18 маусым күні сағат 14:30-да апат болған жерде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары басталды. Оған 9 бірлік техника, 300 жұмысшы тартылды. Жұмыстарды 23:00-ге дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қозғалыс тоқтатылған жоқ, пойыздар екінші жолмен өтіп жатыр.