Фото: Pexels.com
Премьер-министр әуе рейстерінің жиі кешігу мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Ult.kz.
Үкімет отырысында авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды. Премьер-министр рейстердің жиі кешігуіне назар аударып, бұл проблеманы реттеуді тапсырды.
"Ішкі әуе сапарларының жиілігін арттыру және халықаралық рейстердің географиясын кеңейту бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Дегенмен, рейстердің кешігуі жиі орын алады. Бұл көбінесе әуекомпаниялары мен әуежайлар арасындағы үйлесімсіз жұмыстың салдары. Сондықтан министрлікке бұл мәселені шешу жолдарын қарастыруды жүктеймін", — деді үкімет басшысы.