26 қар, 2022 сағат 13:40

Президент бірнеше Жарлыққа қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент мынадай Жарлықтара қол қойды: 

  • "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы";
  • "Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы";
  • "Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы";
  • "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы";
  • "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы";
  • Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы;
  • Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы.

Еске салайық, бүгін Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа президенттік мерзімдегі бірінші жарлығын айтып, сайлауға "әділ және ашық болды" деген баға берген еді.