21 қаң, 2022 сағат 16:43

Qatar Airways пен Air Arabia Қазақстанға рейстерді қайта жандандырды


Qatar Airways және Air Arabia халықаралық әуе компаниялары Қазақстанмен арадағы рейстерді қайта жандандырды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімет етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«21 қаңтардан бастап катарлық «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха – Алматы – Доха бағытындағы апта сайынғы 2 рейсті қайта жандандырды. Рейстер дүйсенбі және жұма күндері А-320 типті әуе кемесімен орындалады.

Ал Біріккен Араб Әмірліктерінің «Air Arabia» әуе компаниясы 21 қаңтардан бастап А–320/А–321 типті әуе кемесімен сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері Шарджа-Алматы-Шарджа бағыты бойынша ұшуды қайта бастады», - деп жазылған министрліктің ақпаратында.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау арқылы, әуе компаниялардың сайтында жарияланған кесте бойынша орындалмақ.