17 қар, 2016 сағат 22:45

Расул Жұмалы. 18 миллион болғанымыздан не пайда?

Бір миллион шешен халқы 1990-жылдарда 140-миллиондық Ресейді тізе бүктірді. 2000-жылдардан бері формалды түрде Шешенстан РФ құрамында қалса да, шындығында кім кімге тәуелді екені - даулы мәселе.

Нағыз күш санда емес, сапа мен намыста. 18 миллион болғанымыздан не пайда, бәріне мойын ұсына берсек?

Ел боламыз десек, он есе аз бола тұра, көршілерін тасқорған орнатуға мәжбүр еткен таймас бабаларымыздың рухын жандандыру керек бүгінгі Қазақ баласына. Тарих тек батылы бар халықтарды ғана жақтайды, қалғандарын ғайып қылады.

Расул Жұмалының фейсбуктегі жазбасынан