19 қыр, 2022 сағат 09:02

Рыбакина Словениядағы турнирде Катерина Синяковадан жеңілді


Қазақстандық Елена Рыбакина Порторожда (Словения) өтіп жатқан WTA 250 турнирінің финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Шешуші кездесуде Уимблдон-2022 жеңімпазы чехиялық қарсыласы Катерина Синяковадан 7:6, 6:7, 4:6 есебімен ұтылды.

WTA рейтингінде 25-ші орында тұрған Рыбакина 180 рейтингтік ұпай мен 15 950 доллар жинады.

Отандасымыз үшін келесі турнир Токиодағы (Жапония) жарыс болмақ. 20 қыркүйек таңертең өтетін алғашқы кездесуде ол ресейлік Людмила Самсоновамен ойнайды.