15 мау, 2021 сағат 19:38

«Сары» аймаққа өткен Қарағанды облысында карантин шектеулері жеңілдеді


Қарағанды облысының «сары» аймаққа өтуіне байланысты жаңа қаулы шықты. Осы қаулыға сәйкес әлеуметтік-экономикалық объектілер 16 маусым сағат 00.00 бастап «сары» аймақ режимі бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

16 маусымнан бастап Қарағанды облысында төменде көрсетілген объектілерде (қызметін «Ashyq» қосымшасынсыз жүзеге асырғандар) бұрынырақ тыйым салынған қызмет түрлері қайта жанданады: 

- балаларды сауықтыру лагерлері, толымдылығы 50%-дан аспаған жағдайда;

- мәдениет объектілерінде дайындық (репетициялар) 30 адамға дейін;

- театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар толымдылығы 20%-дан аспаған кезде жұмыс істейді;

- көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу 15% көп емес толтырылған кезде рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, бірқатар шектеулер алынып тасталды:

- мектепке дейінгі ұйымдардың кезекші топтарының жиынтығы 15-тен 25 адамға дейін ұлғайтылды;

- спорттық іс-шараларды көрермендермен 15% артық емес толтырылған жағдайда өткізуге рұқсат етілген;

- халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отель, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) толтырылуы 80%-дан 100%-ға дейін ұлғайды;

- екінші деңгейлі банктердің, «Қазпошта» АҚ мен ХҚКО бөлімшелерінің жұмыс істеу уақыты бойынша шектеу алынып тасталды.

- Қоғамдық тамақтану объектілерінде (үй-жайда) мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша толымдылығы 50%-ға дейін артты, бірақ 50 орыннан артық емес, жазғы алаңдарға сағ. 24-00 дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді (бұрын сағ.20 сағ. дейін болды).

Сенбі және жексенбі күндері:

- СҮ, сауда желілері, СОО,

- ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендерден (жеке тұрған),

- СПА-орталықтар мен бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда жұмыс істеуге салынған тыйым алынып тасталды.

Сауналар қызметін тек жексенбі күндері тоқтатады (бұған дейін тыйым сенбі күндері де болған);

Мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға, меншік нысанына қарамастан, ұлттық кампанияларға және Қарағанды облысының кәсіпкерлік субъектілерінің басқа да кеңселеріне қашықтан жұмыс істеу форматындағы қызметкерлер саны 80%-дан 50%-ға дейін азайтылды. Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды есепке алмай қызметті жүзеге асырады. Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

Бұдан басқа, Ashyq жобасына қатысатын объектілерде осы қаулының № 3 қосымшасына сәйкес «сары» аймақта бірқатар жеңілдіктер енгізілді.

Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарына адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шараларды (мерекелік іс-шараларды, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, форумдарды, сондай-ақ отбасылық, атаулы іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу, туған күндер, шығарып салу, «құдалық», той, «беташар» және басқалар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және оларға баруға тыйым салынады.

Бұдан басқа, қызметі жаңартылмаған объектілерге (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, батуттар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер және ойын клубтары) баруға тыйым салынады, сондай-ақ «Ashyq» пилоттық жобасы іске асырылатын объектілерді қоспағанда, олардың жұмыс режиміне сәйкес жабылғаннан кейін объектілерде болуға тыйым салынады.

Қаулы 16 маусым күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.