28 ақп, 2025 сағат 13:11

SCAT әуекомпаниясының 2025 жылы Шымкенттен шығатын тікелей рейсі Қытай еліне саяхатты бұрынғыдан да қолжетімді, ыңғайлы етпек!

Сізді Үрімші күтуде! SCAT әуекомпаниясының 2025 жылы Шымкенттен шығатын тікелей рейсі Қытай еліне саяхатты бұрынғыдан да қолжетімді, ыңғайлы етпек!

Шымкент - Үрімші рейсі - туристер мен іскер азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер бастауы! Енді сіз аптаның сейсенбі және жұма күндері Батыс Қытайдың қарыштап дамып жатқан қаласына барып, сәрсенбі және сенбі күндері елге қайта аласыз. Жол ұзақтығы - небәрі 2 сағат 20 минут!

 Үрімшіге не үшін баруға болады? 

Бұл қала - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы сауда, мәдениет және бизнес орталығы. Мұндағы заманауи технологиялардың  Шығыстың дәстүрлерімен үйлесім тапқаны таң қалдырады. Сауда орындарындағы түрлі-түсті дәмдеуіштер, жібек мата, тіл үйірер ұйғыр тағамдары... Және де әлемге аты әйгілі базар қатарларынан басқа да қажеттінің бәрін табасыз.

 Үрімшінің сұлу табиғаты да ерекше. Тянь-Шань таулары, әсем Тяньчи көлі және көптеген табиғи қорықтар - таза тау ауасында керемет тынығып демаласыз.

Қаланың өзінде де көруге болатын көрікті жерлері көп. Шыңжаңның басты мұражайы - оның экспонаттарының арасында 3000-4000 жылдық мумиялар, соның ішінде әйгілі "Лоулан сұлуы", Ұлы Жібек жолының Жібек артефактілері, будда фрескалары, мүсіндер және т.б. бірегей жәдігерлер бар.

Үлкен алаңы бар әсем Қызыл төбе -  мегаполистің ең тартымды орын. Цзефан ауданындағы орталық көшелерде серуендеп, көптеген жайлы кафелер, мейрамханалар мен дүкендерді аралауға болады.

Билеттер scat.kz. сайтында, SCAT мобильді қосымшасында және басқа ресурстарда да сатыла бастады. Асығыңыз!