07 қаз, 2022 сағат 10:34

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды


Семей қаласының әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Семей мәслихатының кезектен тыс сессиясында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Нұрсағатовтың кандидатурасын бекітті.

Нұрбол Нұрсағатов – Шығыс Қазақстан облысының тумасы, бұған дейін Абай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Ол әр жылдары ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары, Астана әкімдігі Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы директорының орынбасары, ШҚО Көлік және автомобиль жолдары басқармасы, Алматы әкімдігі құрылыс басқармасы, Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.