13 ақп, 2024 сағат 10:37

Шавхат тымағымен-ақ еліміздің имиджіне орасан зор үлес қосуда


"Бір парадокс дүние бар. Біз күнделікті отандық спортқа бөлінетін миллиардтаған қарыжыны айтамыз. Одан еш нәтиже шықпағанын, яғни, қайтарымы болмағанын сынап жатамыз. Ал, Шавхат сияқты жігіттер, керісінше, бюджеттен бір теңге де алмайды. Бірақ, еліміздің абыройын асқақтатуға және имидж қалыптастыруға масқара үлес қосады. Соның айғағы – мына басына киіп отырған тымағы".


Журналист Аслан Каженов Шавкат Рахмонов жекпе-жектерге киіп шығып жүретін тымағын енді ресми сатуға көшкенін жазған, әрі бұл Қазақстан имиджі үшін тамаша мүмкіндік екенін айтады.

"Бәрімізге белгілі, ол әр жекпе-жегіне осы тымақты киіп шығады. Сәйкесінше, мұхиттың арғы жағында оған деген қызығушылық артты. Бастапқыда бірнешеуін арнайы апарып, тегін таратып жүрді. Одан кейін жүз данасын дайындап жатырмыз дегенін де естігем. Қанша апарсаң да, «ыстық пирожки» сияқты жоқ болып кетеді. Енді осы процесті заман талабына сай бір жолға қойған екен. Бұдан былай еліміздің және әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері Шавхаттың қолтаңбасы бар тымақты tymaq.kz сайтынан онлайн тапсырыспен ала алады. Керемет бастама", - деп жазды Аслан Каженов.


Журналист "50 центтің кепкасы", "Аkon-ға лақтырған ішкиім" деген сияқты тақырыптар неге көптеп талқыланады да, ұлттық құндылығымызды түгендеуге келгенде, отандық спортшылар мен отандық өндірушілерді қолдауға келгенде, неге аузымызға құм құйылады деп қынжылады.

Жай бір-бірімізге айтсақ, бір-бірімізге бөліссек, соның өзі үлкен көмек емес пе? Солай ғана елімізге деген, ұлтымызға деген сүйіспеншілікті және ауызбіршілікті көрсете аламыз. Қысқасы, өндірістің басы-қасында жүрген қыз-жігіттерге үлкен респект! Ал, Шавхаттың өзіне тек қана сәттілік тілеймін! - деп жазды ол.