12 ақп, 2025 сағат 12:17

Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген адам ұсталды


Фото: pexels.com

Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген адам ұсталды, - деп хабарлайды  Ult.kz Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Шымкент прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен ("Адам өлтiру") қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға ұсталды.

"Атап айтқанда, 2009 жылғы 9 қаңтарда "Астория" кафесінің жанында "А" есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмысты жасап, тергеуден жасырынған. Қылмыскер 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған", - делінген хабарламада.