30 там, 2023 сағат 07:13

Шымкентте жол ортасында жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті


Шымкентте жол бойында кетіп бара жатқан жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 28 тамызда кешкі сағат 19-дан өте болған.

Қалалық ТЖД мәліметінше, Арғынбеков көшесі бойында «Mersecedes-Benz» маркалы жеңіл автокөлігі жанған.

"Өрт сағат 19:36-да оқшауланып, сағат 19:43-те толығымен сөндірілді. Оқиға орнына департаменттің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр" - дейді ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.