28 шіл, 2019 сағат 22:05

Сібірдегі орман өртінің түтіні Қазақстандағы жеті облысты басты

Сібірдегі орман өрті салдарынан Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарындағы ауа сапасы нашарлап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

жалын құшағында қалған орман аумағы ұлғайып бара жатқанын көрсетіп отыр. Өрттің түтіні батысқа қарай тарап жатыр.

Соған байланысты, СҚО, ШҚО, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарын, Нұр-Сұлтан қаласын басып қалған түтін енді Қарағанды облысына тарап, тіпті Алматы облысының солтүстік аудандарына да жеткен.

«Қазгидрометтің» экологиялық мониторинг стансаларынан алынған деректерге қарағанда, Қазақстанның Ресеймен шекаралас аумақтарында ауаның ластану деңгейі шектік мөлшерден асып кеткен.

Облыстар

Максимальды бөлшек коцентрациясы (Шекті рұқсат етілген концентрация)

PM 2.5

PM 10

NO

NO2

O3

СО

H2S

SO2

СҚО

-

-

-

-

-

-

-

-

ШҚО

-

-

-

-

-

-

-

2,9

Павлодар

-

-

-

-

-

-

-

-

Ақмола

2,9

1,8

1,0

-

-

-

-

-

Нұр-Сұлтан

1,2

-

-

-

-

-

-

-

Қостанай

2,1

-

-

2,2

-

-

-

-

Карағанды

1,3

-

-

-

1,3

1,9

3,8

-

Алматы

-

1,0

-

1,2

-

-

-

2

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында ауада ластайтын заттардың жиналуына мүмкіндік беретін қолайсыз метеожағдай қалыптасты.

Аталған облыстарда жылдамдығы секундына 6 метр оңтүстік батыс желі байқалады, көп өңірде жаңбыр жаумаған, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында түтін байқалады.


Еске сала кетсек, бұған дейін астанадағы түтін Ресейдегі ормандарының өртінен келіп жатқанын хабарлаған болатынбыз. 25 шілдедегі мәлімет бойынша, Ресейдің Краснояр өлкесі мен Иркутск облысында миллион гектар орман алқабы жанып жатыр.