26 сәу, 2022 сағат 10:43

"Сіздерден жасыру мүмкін емес". Ерке Есмахан сүйінші сұрады

erke_esmahan Instagram-парақшасынан

Танымал эстрада әншісі Ерке Есмахан Instagram-парақшасында оқырмандарынан сүйінші сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әнші оқырмандарынан сүйінші сұрап, stories-те екінші мәрте ана атанатынын жеткізді. Алайда оның бұл жазбасы Желі қолданушылары арасында түрлі пікір туындатты.

"Ана болатынымды жасыру мүмкін емес сіздерден! Ал сүйінші", - деді әнші.

Желіде әншінің бұл жазбасы қызу талқыланып жатыр. Кейбір қолданушылар әншінің сөзіне сеніп жатса, енді бір тобы әзіл деп топшылады. Сондай-ақ, кейбір желі қолданушылары бүгін әншінің ұлы - Мүслімнің туған күні екенін жазды:

"Аяғың ауыр-ау деп жаза берген пікірлерден шаршап, әдейі қалжыңдап жазған деп ойлаймын!"

"Бұл хайп".

"Менің ойымша, өкіл ана болатын шығар".

"Енді әкесін іздеп миды қатырасыз ғой, тыныш отырған адамдарды".

"Өтірік. Ұлының туған күні бүгін".

"Ұлының туған күні ғой бүгін. Қаралым көп жинау үшін жасап отыр ғой".