25 қаң, 2022 сағат 11:10

Су спорты түрлерінен Әлем чемпионаты тағы бір жылға шегерілді


Халықаралық су спорты федерациясы (FINA) су спорты түрлерінен Әлем чемпионатын 2023 жылға шегерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашында турнир 2021 жылы өтуі тиіс болатын. Алайда, коронавирусқа байланысты Токио Олимпиадасы 2021 жылы өткендіктен, әлем чемпионаты 2022 жылға ауыстырылды. 

Әлемдік пандемия турнирдің өтуіне тағы кедергі болмақ. Енді әлемдік ұйым Фукуокадағы (Жапония) әлем біріншілігін 2023 жылға шегеріп отыр.