03 мам, 2022 сағат 22:50

Танымал қазақстандық вайнер Желідегі видеодан кейін жауапқа тартылды

Коллаж: Tengrinews.kz

Танымал қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек (Sekavines) жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматының Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вайнер түсірген видео әлеуметтік желіде тараған. Роликте Сека "кедей" жолаушыны жеткізіп салады. Алайда өзі қауіпсіздік белдігін тақпаған. Желі қолданушылары полицейлер бұл видеоға назар аударып, вайнерді жазалау керегін айтқан. 

Абдрахмановтың мәліметінше, Алматы ПД патрульдік полиция полкінің қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады.

"Т. әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Айта кетейін, жолда бұлай жүруге болмайды", - деді Абдрахманов.