Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар қызу жүргізіліп жатыр.
Қалада 4 миллионға жуық ағаш өседі, бірақ олардың едәуір бөлігі жаңартуды қажет етеді: 485 мың ағаш қураған, ал 84 мыңы апатты жағдайда деп саналады. Бұл ағаштар негізінен қаланың орталық бөлігінде шоғырланған және тұрғындар мен қоршаған ортаға қауіп төндіреді.