19 қыр, 2022 сағат 21:03

Тоқаев Eurasia Group компаниясының президентімен кездесті


Қасым-Жомарт Тоқаев Eurasia Group компаниясының президенті Ян Бреммермен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы танымал америкалық сарапшы, Eurasia Group зерттеу және консалтинг компаниясының негізін қалаушы Ян Бреммермен кездесу өткізді.

Кездесуде қазіргі заманның өзекті мәселелері мен үрдістері талқыланды.