01 шіл, 2022 сағат 19:25

Тоқаев қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланатыны хабарланды.