17 там, 2020 сағат 09:11

Туғаныңның амандығын тілесең той-томалақтан бас тарт – әнші Серік Рысбек

Қазақстанда бүгіннен бастап карантиндік шаралар жеңілдетіліп, кәсіпорындар жұмысы қайта жанданды. Десек те, қауіп әлі сейілген жоқ. Осыған орай Павлодар облыстық филармониясының әртісі, Халықаралық байқаулардың лауреаты Серік Рысбек қазақстандықтарды санитарлық талаптарды орындауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Серік Рысбектің айтуынша, коронавирус инфекциясының алдын алу ең алдымен, өзімізге байланысты. Әр әдам санитарлық талапқа үлкен жауапкершілікпен қаруы керек. Коронавирус – жас талғамайтын, ешкімді аямайтын дерт. Сондықтан барынша абай болған абзал.

«Құрметті қазақстандықтар! Бүгінгі таңда адамзат әлемін әбігерге салып жатқан мына дерт біздің елді де айналып өтпегенін бәріміз білеміз. Осы орайда бұл індет қанша қазақтың ұлы тұлғаларын, өнер майталмандары мен әр қазақ отбасындағы жақындарын алып кетті. Арда ағайын жақсылық пен жамандықтың қатар жүретінін ескере отырып, елімізде 17 тамыздан бастап карантиннің жеңілдетілген түрін бәріміз тиімді пайдаланайық», – дейді әнші.

Сондай-ақ, ол әзірше той-томалақтан бас тарта тұруға шақырды.

«Әр отбасы туғанының амандығын тілесе той-томалақтан, жиын кештерден бас тартып, сабырлық пен келер күннің жақсылығына үміт артуы керек», – деп қортындылады ол.