15 там, 2022 сағат 16:19

Түркістан облысында алкоголь өнімдерін шығаратын 3 жасырын цех әшкереленді

коллаж: Tengrinews.kz

ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын цехтарды әшкереледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"Жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ азамат Түркістан облысы және Шымкент қаласында орналасқан қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 3 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырып, заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан.

Цехтарда жүргізілген тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалары, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, деректер бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етілмейді.