24 мам, 2022 сағат 16:14

Тұрсынбек Қабатовтың «Абыройы»


Жақында танымал қазақстандық әзіл-сықақшы Тұрсынбек Қабатовтың «Абырой» атты жаңа саяси партияны құруды жоспарлап отырғаны белгілі болды. КВН жұлдызы ұлты мен дініне қарамастан, Қазақстанның барлық тұрғындарының басын біріктіруге ниетті.    

Айтылып жатқан сыбыс бойынша, партия бағдарламасына өзге де міндеттермен қатар бірліктің бірегей қазақстандық моделін сақтап қалу және арттыру, елімізде өмір сүретін барлық халықтардың арасындағы берік достықты күшейту кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа «Абырой» партиясы – Тұрсынбек Қабатовтың саясатқа келуге жасаған алғашқы әрекеті емес. 2021 жылғы маусым айында танымал әзіл-сықақшы өзінің Instagam парақшасындағы жазылушылардан «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысу бойынша пікірлерімен бөлісуді сұраған. Жазылушылардың көпшілігі оның бастамасын қолдады. 

«Жоғарғы лигадан» – жоғары билікке» беталысы уақыт өткен сайын айқын көрініп келетін сияқты. Әсіресе қазіргі жағдайда, себебі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша, адал және еркін саяси бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін жаңа партиялардың тіркеу шегі 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендетілді.   

Әлеуметтік желілердегі жазылушылар саны 1.8 миллионнан асатын Қабатовқа жарқыраған жарасымды әзілі үшін алғысын айтып жүрген жанкүйерлердің 5 мың қолын жинау қиынға түспейді.     

Несі бар, КВН ойыншыларының жақсы көретін сөздерімен аяқтасақ, партиялық жүйені дамытуға берілетін мүмкіндіктерді кеңейтуден не шығатынын өмір өзі көрсете жатар.