Фото: ЖИ
Бұл туралы Ресей Федералды тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин ТАСС агенттігіне мәлімдеді.
"Неліктен екені белгісіз, Өзбекстанда, Тәжікстанда, Қырғызстанда өмір сүру ұнамайтын Ресей Федерациясының 20 000 "жас" азаматы қазіргі таңда алдыңғы шепте жүр", – деп мәлімдеді Александр Бастрыкин.
Ол сондай-ақ Ресейден шығарылған көптеген мигранттар өз елдеріне барған соң қылмыс жасайтынын айтты.
"Біз мигранттарды көбірек елден шығара бастағаннан кейін, олардың отанында қылмыс деңгейі күрт өсіп кетті. Бұл нені білдіреді? Бізге қылмыскерлер келіп жатыр. Біз оларды жылдамырақ ұстау үшін криминалистикалық тіркеу тетіктерін іске қосып жатырмыз", – деді Бастрыкин.