29 мау, 2022 сағат 10:29

Украинаға зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері қажет - Зеленский


Украина президенті Владимир Зеленский НАТО басшысы Йенс Столтенбергке еліне зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері қажет екенін айтты. Бұл туралы президент Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Одақ саммитінің қарсаңында Украина басшысы Twitter-де Ресейдің террористік шабуылдарының алдын алу үшін Украина үшін қуатты зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің маңыздылығын атап өтті.