Фото: ашық дереккөз
Ұшақ бортында болған 241 адаммен қатар, жерде болған адамдар да қаза тапты. Қазіргі мәлімет бойынша құрбандар саны 294-ке жетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Air India әуе компаниясының рейсі бейсенбі күні Ахмедабадтан ұшқаннан кейін бірнеше минут өткен соң медициналық колледж жатақханасының шатырына құлаған. Апат болған сәтте жатақхананың асханасында студенттер тамақтанып отырған.
Ұшақ Лондонның Гэтвик әуежайына бағыт алған еді. Қазіргі уақытта апаттың нақты себебі анықталуда.
Апаттан бір адам аман қалғаны туралы жазған болатынбыз.