26 қаң, 2024 сағат 12:36

Вейпке тыйым салуға қарсы шыққан депутаттар да болды – Нұргүл Тау

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Jibek Joly телеарнасындағы «Фокус внимания» бағдарламасының эфирінде депутаттар арасында елімізде вейпке тыйым салуға қарсы шыққандар болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Мәжілістегі әріптестерімнің арасында вейп тартуды тыйым салуға қарсы адамдар да бар. Мен бұған қатты таң қалдым. Әрине, әркімнің өз пікірі бар. Бірақ бұл жерде балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы маңызды болып тұр, олар — біздің болашағымыз, соны түсінуіміз керек. Біз олардың әр қадамын тексеруіміз керек», — деді Нұргүл Тау эфир барысында.

Сондай-ақ, телебағдарлама жүргізушісі спикерден темекі өнеркәсібі лоббистері мен вейп индустриясы лоббистерінің әсерін салыстыруды сұрады.

«Шындығына келсек, темекі де, вейп те — бір зат. Яғни екеуін де шығаратын бір компания», — деп жауап берді халық қалаулысы.

Айта кетейік, биыл 24 қаңтарда Мәжіліс вейпке тыйым салатын заңды қабылдады.