12 сәу, 2022 сағат 14:05

Web of Science журналдарындағы қазақстандық авторлар саны 45% артты


Web of Science журналдарындағы қазақстандық авторлар саны 45 пайызға артты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ғылымның әлеуметі коммерцияландырумен бірге ғалымдардың беделді журналдардағы мақалалар көрсеткішімен де тікелей байланысты. Соңғы жылдардың өзінде ең беделді базалалардағы мақалалардың саны мен сапасы өсті. Scopus базасындағы ең беделді журналдардың ТОП 1 пайызындағы мақалалар саны 41 пайызға ұлғайды. Web of Science базасының үш негізгі индексіндегі мақалалар саны 56 пайыз көбейіп отыр. Web of Science индекстелетін журналдарындағы қазақстандық авторлардың санының өзі 45 пайызға артты», - деді министр.

Оның атап өтуінше, «жыртқыш» журналдардағы мақалалардың саны 8 есе азайған. 

«Осының бәрі отандық ғылымның үлкен болашағы мен үлкен әлеуетін көрсететіні сөзсіз», - деді Асхат Аймағамбетов.