13 қаз, 2022 сағат 06:17

Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегінің уақытын жарияланды


UFC промоушені қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (14-7) келесі жекпе-жегінің уақытын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Отандасымыз 19 қарашада америкалық Чарльз Джонсонмен (11-3) айқасатын болды. Жекпе-жек Лас-Вегастың (Невада, АҚШ) UFC Apex аренасында өтеді.

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең беделді промоушнмен 2020 жылдың шілде айында келісімшартқа отырған. Октагонда 1 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болды.

Ал оның қарсыласы Джонсон бұған дейінгі кездесуінде төрешілер шешімен ұлты құмық ұлыбританиялық спортшы Мухаммад Мокаевтан жеңілген.