02 қыр, 2019 сағат 09:25

Жаңа сенаторлар ант берді

Жаңадан сайланған сенаторлар Нұртөре Жүсіп, Андрей Лукин, Дана Нұржігіт, Қанатбек Сафинов, Ләззат Сүлейменова және Асқар Шәкіров Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың – өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді депутаттар Парламент Сенатындағы отырыста.
Еске сала кетейік, 12 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Парламенті Сенатына тағайындалған депутаттардың есімдерін жариялаған болатын.