20 қаң, 2022 сағат 07:36

Жапон ғалымдары темекі шегетіндерде коронавирус жұқтыру қаупі 1,5-2 есе жоғары екенін анықтады


Жапонияның Халықаралық денсаулық сақтау ұлттық ғылыми орталығының зерттеушілері жасанды тыныс алу аппаратын қажет ететін жаңа коронавирусты жұқтырудың ауыр зардаптарының қаупі темекі шегумен ауыратын ерлерде 1,51 есе және әйелдерде 1,94 есе жоғары екенін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ғалымдар 2021 жылдың ақпанына дейін Жапонияда ауруханаға жатқызылған 20 мен 80 жас аралығындағы 17,6 мыңға жуық індет жұқтырғандардың деректеріне талдау жасады. 

Жапондық сарапшылардың пікірінше, темекі шегу жүрек пен өкпеге әсер етеді, сонымен қатар созылмалы ауруларға әкеледі, сондықтан темекі шегушілер инфекцияның ауыр зардаптарына көбірек ұшырайды.