07 қыр, 2023 сағат 12:14

Жоғалып кеткен 8 айлық бала Талдықорғанда табылды


Талдықорғанда ұрланған 8 айлық бала табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Жетісу облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Талдықорған қаласының полицейлері іздеуде болған 8 айлық сәбидің орналасқан жерін анықтады. Бала Талдықорған қаласында жеке меншік секторда тұратын әкесінің туыстарынан табылды. 

Қазіргі уақытта нәресте анасының жанында. Өз кезегінде ол қалалық полиция қызметкерлеріне бүлдіршінін іздеуге көмектескені үшін шын жүректен алғыс білдірді" - делінген хабарламада.

Нәрестенің болашақ тағдырын қорғаншылық және сот органдарының өкілдері шешеді. Баланың әкесі сот шешіміне сәйкес әкімшілік қамауда.