10 қаз, 2022 сағат 06:10

Зүлфия Чиншанло Азия чемпионы атанды


Қазақстандық зілтеміргі Зульфия Чиншанло Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальға ие болды. Қоссайыс қорытындысында ол 220 (95+125) килограмм көтерді.

Екінші орын қытайлық Линлу Люға (210 келі) бұйырса, үздік үштікті өзбек қызы Нигора Абдуллаева (193 килограмм) түйіндеді. 

Айта кетейік, ауыр атлетикадан 2022 жылғы Азия чемпионаты 8-16 қазан аралығында Манамада өтеді. Құрлықтық турнирге 29 елден 186 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан 18 спортшы қатысады.